Республикалық маңызы бар автожолдардың 43 учаскесінде шектеу енгізілді

Қазақстанның 8 облысындағы тас жолдарда көліктің барлық түріне жүруге тыйым салынды
Sputnik
АЛМАТЫ, 29 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның 8 өңірінде республикалық маңызы бар 8 жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ.
8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 43 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді:
Ақмола облысында – 12 учаске
Жамбыл облысында – 1 учаске
Жетісу облысында – 1 учаске
Қарағанды облысында – 5 учаске
Қостанай облысында – 7 учаске
Павлодар облысында – 2 учаске
Солтүстік Қазақстан облысында – 13 учаске
Түркістан облысында – 1 учаске
Ұлытау облысында – 1 учаске
Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді. Өйткені бұл аймақтарда қар аралас жаңбыр жауып, жолда көктайғақ болған.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 687 техника жұмыс істеп жатыр.
Qazaq Air Астанадан ұшатын рейстердің тоқтатылуы мүмкін екенін ескертті