АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің Сириядағы Хмеймим авиабазасында ислам дінін ұстанатын әскери қызметшілерге арналған намазхана ашылды, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.
Киіз үй – көптеген мұсылман халықтарының дәстүрлі баспанасы. Қазақстан Республикасының өкілдері тапсырған намазхана киіз үйде мінәжәт етуге арналған барлық қажетті жабдық бар.
"Қазақстаннан келген бұл ерекше, бірақ құнды сыйлық екі бауырлас ел арасындағы ажырамас достықтың символына айналды және ол Сирия аумағында терроризмге қарсы күрес бойынша арнайы міндеттерді атқаратын ресейлік әскери қызметшілер арасындағы ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз", - делінген хабарламада.
Мұсылмандарға арналған ғибадат орны далалық православие ғибадатханасы мен шіркеудің жанында орналасқан.
Рухани мекемелердің жақын орналасуы Ресей армиясындағы әртүрлі конфессия өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүргеніне дәлел болды, деп атап өтті РФ Қорғаныс министрлігі.