Оқиға

Петропавлда бір отбасының үш мүшесін өлтіріп кетті

Іс Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен Полиция департаментінің бақылауында
Sputnik
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Петропавлда бір отбасының үш мүшесін өлтірді деген күдіктілер ізін суытпай ұсталды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.
Полицияның мәліметінше, 28 желтоқсан күні сағат 13.25-те зорлық-зомбылықтың белгілері бар 3 адамның денесі табылғаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түскен.
"Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс орталығының 2 тұрғынын ізін суытпай, ұстады. Күдіктілер Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген полиция хабарламасында.
Ведомство мәлім еткендей, іс Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен Полиция департаментінің бақылауында.
Аталған факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Екі немесе одан көп адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.