Бұрынғы әділет министрі Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы әділет министрі қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстаған болатын
Sputnik
АСТАНА, 29 желтоқсан - Sputnik. Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Астана қалалық соты.
"Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Бекетаевты қамауда ұстау мерзімін 2024 жылғы 21 қаңтарына дейін ұзартты", - делінген сот хабарламасында.
Сот Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа деректерді жариялауға болмайтынын атап өтті.
Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы әділет министрі қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын растаған болатын.
Ведомство ақпараты бойынша, ол қажет емес қызметтерге жыл сайын келісімшарт орнатып, мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтірген.