Бұрын сенімгерлік басқаруға берілген кәсіпорын мемлекетке қайтарылатын болды

Бұл шешім отандық медициналық мекемелерді жаңғырту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді
Sputnik
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында медициналық ұйымдарды жабдықтармен және техникамен жарақтандыру саласында жұмыс істейтін бұрын сенімгерлік басқаруға берілген кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқыланды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Жүргізілген тексеру нәтижесінде қазіргі уақытта компания мақсатты пайдаланылмай отырғаны, оның қазіргі жұмысы құрылтай құжаттарында жазылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келмейтіні анықталды", - делінген хабарламада.
Премьер-министр Әлихан Смайылов кәсіпорынды Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына қайтару процесін жеделдету қажеттігін атап өтті, өйткені бұл отандық медициналық мекемелерді жаңғырту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар отырыста Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының жылу көздерін газбен жабдықтау мәселелері, сондай-ақ сертификаттау бойынша қызмет көрсету нарығына монополияға қарсы тергеу жүргізу қорытындылары қаралды.
Атырау облысында заңсыз жекешелендірілген газ құбыры мемлекетке қайтарылады