Қазақстанда транзиттік жүк тасымалының көлемі 25 млн тоннаға артты

Биыл теміржол инфрақұрылымы бойынша 3 ірі жаңа жобаны іске асыру басталды
Sputnik
АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. 2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда транзиттік тасымалдау көлемі 19%-ға ұлғайып, 24,8 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің хабарламасында көрсетілгендей, контейнерлік транзит 1 млн 180 мың жиырма футтық эквивалентті құрайды.
"Транзиттік ағындарды бөлу мәселелерінде Қазақстанның ұстанымын қолдау үшін инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдардың құрылысы жалғасуда, бұл учаскенің өткізу қабілетін 5 есеге арттырады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ биыл 3 ірі жаңа жобаны іске асыру басталды:
1.
"Дарбаза-Мақтаарал", бұл Орталық Азия елдері бағытындағы өткізу пунктерінің өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.
2.
"Алматы станциясын айналып өтуге арналған темір жол", бұл жүктерді жеткізу мерзімін 24 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді;
3.
Қытай бағытында қазақстандық инфрақұрылымның өткізу қабілетін жылына тағы 20 млн тоннаға арттыратын "Бақты – Аягөз" жаңа теміржол өткізу пункті.
Сонымен қатар 2023 жылы 133 жаңа локомотив және 275 жартылай вагон сатып алынды.
Жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін 856 жолаушылар вагоны сатып алынады, биыл оның 100-і жеткізілді. Нәтижесінде көлік паркінің тозу деңгейі 47 пайыздан 45 пайызға дейін төмендеді.