АСТАНА, 28 желтоқсан - Sputnik. Қарағанды облысы Қарқаралы қаласына ветеринарлық шектеу қойылды. Зертханалық сараптама елдімекенде адамдарды талап, малды қырған қасқырдан құтырма ауруын анықтаған, деп хабарлайды КТК.
Қарқаралы аудан орталығынан бір ай көлемінде ет, сүт өнімдері мен мал терісі шығарылмайды. Ит, мысық атаулы да ауладан әрі аспауы тиіс. Республикалық эпизоотиялық отряд елдімекендегі 311 үйдің қора-қопсысын залалсыздандырады. 2400 ірі қара, 1800 бас ұсақ мал, 200- ден аса жылқы және 136 ит пен 34 мысыққа екпе жасалмақ.

"Жарлы ауыл округінде 40 шықырым жерде бір айдай құтыру ауруына шектеу шарасын енгізгеміз. Бұл өңірде табиғи ошақ бар деген қаупіміз бар. Жыртықыштар арасында таратушы болады ғой. Сондықтан тиісті мемлекеттік органдарға хабарлама жүргізіп, бұл жайында мониторинг жүргізіліп жатыр", - дейді ветеринария бақылау комитетінің Қарағанды облысы аумақтық инспекция басшысы Ержан Бекетбаев.
Естеріңізге салсақ, 21 желтоқсан күні қалаға кірген қасқыр көшедегі иттерге шауып, жұмысына кетіп бара жатқан үш адамды талаған. Оларға сол күні-ақ екпе мен ем-дом жасалды.
Осының алдында ғана Қарқаралыға көршілес жасқан Жарлы ауылында осы аурудың ошағы анықталған. Ветеринарлар ондағы кесел құтырған ит-құстан тарауы мүмкін дейді.