Өңірлер

Алматыда сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Sputnik
АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Алматыда сегіз құрылыс компаниясы тұрғын үйлер мен ғимараттарды салу кезінде бірқатар заң бұзушылыққа жол бергені үшін лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды мегаполис әкімдігі.
Биыл жүргізілген жоспардан тыс тексерулер аясында Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы 1140 заң бұзушылықты анықтап, оларды жоюға 634 ұйғарым берді.
"Сапасыз құрылыс пен құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін 68 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 8 техникалық қадағалау ұйымы және 25 техникалық қадағалау сарапшысы аттестатты 6 ай мерзімге тоқтату түріндегі жауапқа тартылды", – делінген әкімдік хабарламасында.
2023 жылы лицензиясынан айырылған компаниялар:
"АРТЕМИДА ЛТД" ЖШС;
"ТриА Холдинг" ЖШС;
"Ремстрой" ЖШС;
"ABM Building" ЖШС (лицензияның кіші түрі);
"Debo Stroy" ЖШС (лицензияның кіші түрі);
"ЕДІЛ-СТРОЙ СЕРВИС" ЖШС (лицензияның кіші түрі);
"Ақ Ордасы корпорациясы" ЖШС (лицензияның кіші түрі);
"DP ENGINEERING GROUP" ЖШС (лицензияның кіші түрі).