АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Терроризмді насихаттады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Тергеу барысында оның тұрғылықты жерінен діни әдебиеттер тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Айта кетері, ұсталған адамға заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екендігі туралы бұған дейін бірнеше рет ескертілген.
"Алдын алу шараларына қарамастан, ол қылмыстық әрекетін жалғастырды", - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.