АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Қостанайлық құтқарушылар мен дәрігерлер толғақ қысқан әйелді уақытында стационарға жеткізді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
"103 жедел жәрдем қызметінің диспетчерлік бөліміне Қостанай облысының шалғайдағы Қостомар ауылынан толғатқан әйелге шақырту келіп түсті, кеше қарлы боран соғып, жолда жүру мүмкін болмады", - деп жазылған хабарламада.
Жедел жәрдем дәрігерлерінің бригадасы ТЖД көлігінде құтқарушылармен бірге жүкті әйелді қар құрсауынын шығаруға аттанды.
Дәрігерлер мен құтқарушылар жедел әрекет етіп, босанатын әйелді Қостанай орталық аудандық ауруханасының перзентхана бөліміне уақтылы жеткізді.
103 бригадасы мен ТЖ департаментінің жауынгерлері құтқарған әйел сау баланы дүниеге әкелді. Ол отбасындағы төртінші бала болды.
Қостанай орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Әлімжан Мейірмановтың айтуынша, ана мен баланың жағдайы, үйге шығуға дайындалып жатыр.
Қостанай облысында ауарайының қолайсыздығына байланысты 103 қызметі, басқа да шұғыл қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Өткен тәулікте жедел жәрдем диспетчерлеріне 3 мыңнан астам шақыру келіп түсті, бригадалар 1994 рет шақыруға шықты.