АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Жыл қорытындысы бойынша 13,4 млн тонна мұнай өнімдерін өндіру жоспарланып отыр, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Отандық мұнай өңдеу зауыттары қаңтар-қазан аралығында елімізде 11,2 млн тонна мұнай өнімдерін өндіріп, жоспарды (101,5%) асыра орындады.
"Жыл қорытындысы бойынша 13,4 млн тонна мұнай өнімдерін өндіру жоспарлануда", - деп жазылған хабарламада.
Ал қаңтар-қараша аралығында мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 82,2 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға артық. 53,8 млрд м3 газ өндірілді (өсім 12%). 26,9 млрд м3 тауарлық газ өндірілді (өсім 6%).
64,3 млн тонна мұнай (өсім 10%) және 5,3 млрд м3 табиғи газ (өсім 8%) экспортталды.
Батыс Қазақстан облысындағы "Рожковское" ірі кен орнында 2040 жылға дейін 14,2 млрд текше метр шикі газ және 7,1 млн тонна конденсат өндіру жоспарланып отыр.