АСТАНА, 26 желтоқсан– Sputnik. Яндекс yandex.kz серверлерін Қазақстанға көшіруді аяқтады, деп хабарлайды цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
"Жұмыстар осы жылдың тамыз айынан бастап цифрлық даму министрлігімен келісілген жоспар бойынша жүргізілді. Енді yandex.kz тек ел ішінде орналасқан серверлерде ғана жұмыс істейді", - делінген ведомство хабарламасында.
Бұл қалай жүзеге асты
Яндекстің Қазақстандағы командасы елге қажетті жабдықтарды әкеліп, оны пайдалануға берді. Бұдан кейін жүктемелік тестілеу жүргізілді және оны сәтті аяқтағаннан кейін yandex.kz порталы толығымен жергілікті серверлерге ауыстырылды.
Министр Бағдат Мусин серверлерді ел аумағына көшіру – маңызды қадам деп санайды.Яндекс Қазақстан ұлттық ресурстарды нығайту бойынша жоспарлы түрде жұмыс істейді және өзінің қазақстандықтарға арналған сервистерін локализациялауда.
"Серверлерді ел аумағына көшіру – маңызды қадам. Бұл біздің пайдаланушыларымыздың деректерінің Қазақстанда өңделетінін көрсетеді. Министрлік азаматтарымыздың қауіпсіздігіне айрықша көңіл бөледі", – деді Бағдат Мусин.
Соңғы 4 жылда 30 000-ға жуық интернет-ресурс қазақстандық серверлерге ауыстырылды.