Қазақстанның СІМ басшысы Ресей елшісін қабылдады

Екі тарап қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша 2023 жылы атқарған бірлескен жұмыс қорытындыланды
Sputnik
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.
Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілері бойынша пікір алмасты.
Екіжақты қарым-қатынастардың үдемелі дамуын айтып, олардың нығаюына аса жоғары және жоғары деңгейдегі сенімді саяси диалог пен белсенді өзара іс-қимыл ықпал ететінін атап өтті.
Қазақстан мен Ресей президенттерінің өзара сапарлары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша 2023 жылы атқарған бірлескен жұмыс қорытындыланды.