Қазақстандықтар шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын мобильді қосымша арқылы тексере алады

Sputnik
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Әділет министрлігі республикалық жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп, атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімобильді қосымшасын әзірледі, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Пайдаланушылар үшін келесідей қызметтер қолжетімді:
Бірыңғай тізілімінен борышкерлер туралы ақпаратты іздеу және қарыздарын төлеу.
Елден шығуға уақытша тыйым салу мен шектеулерін тексеру.
Онлайн режимінде 30 минут ішінде қарызды толық өтеген кезде шектеу шаралары жойылады (елден шығуға, тіркеу әрекеттеріне тыйым салу, нотариаттық іс-әрекеттер, мемлекеттік сатып алуға қатысу және т.б).
Атқару құжатын іздестіру, оның жағдайы мен орналасқан жерін қадағалау.
QR кодын сканерлеу арқылы мобильді құрылғыда сот орындаушысының шешімін алу.
Қосымшаны мобильдік App Store және GooglePlay платформасынан жүктеп алуға болады.