Көкшетауда қатты желден жаңажылдық шырша құлағалы тұр

Боран салдарынан Қостанай облысының Лисаковск қаласындағы бас шырша құлады
Sputnik
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Көкшетауда алаңда құрылған бас шырша қатты жел салдарынан құлағалы тұр, деп хабарлайды жергілікті 716.kz. сайты.
26 желтоқсанда өтуге тиіс шыршаның шамдарын жағу шарасы кейінге қалдырылды.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты, Жаңа жылдық шыршаны жағу сәті кейінге қалдырылды", - деп хабарлады әкімдіктегілер.
Боран салдарынан Қостанай облысының Лисаковск қаласындағы бас шырша құлады. Өңірде боран салдарынан жолдар да жабық тұр.