ЕАЭО-ның 2030 жылға дейінгі ынтымақтастығы туралы декларация бекітілді

Еуразиялық экономикалық одақтың мерейтойлық жылын Мәскеуде арнайы саммит арқылы атап өту ұсынылды
Sputnik
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысында ЕАЭО аясындағы 2030 жылға дейінгі, сондай-ақ 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған ынтымақтастық туралы декларация бекітілді, деп хабарлады РФ президенті Владимир Путин Санкт-Петербургте өткен кеңейтілген отырыс барысында.
"Декларация – негізгі секторлардағы бірлескен күш-жігерді арттыру қадамдарын қарастыратын, сондай-ақ өзара іс-қимылдың қосымша бағыттарын анықтайтын жаңа бағдарламалық құжат", - деді Путин.
Келесі жыл ЕАЭО үшін мерейтойлық жыл болады, сондықтан 2024 жылы мерейтойлық саммит өтеді, деп толықтырды ол.
"Келесі жылы ЕАЭО-да іргелі шарттың жасалғанына 10 жыл толады және біз қазір шағын құрамда келістік, бұл мерейтойлық оқиға екенін ескере отырып, барлығы 2024 жылдың мамырында Мәскеуде осы мерейтойға арналған саммит өткізу туралы ұсынысымды қабылдады", - деді Путин.
Оның айтуынша, бұл саммит "интеграцияны тереңдету, азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсарту бойынша тығыз бірлескен жұмыстың жаңа онжылдығын ашады".
2023 жылы Ресей ЕАЭО органдарына төрағалық етті. Ресей төрағалығының басымдықтары арасында, атап айтқанда, технологиялық тәуелсіздік, цифрлық трансформация, инвестиция, азық-түлік қауіпсіздігі, ортақ қаржы нарығы, көлік инфрақұрылымы және климат болды.
ЕАЭО 600 млн адамды тамақтандыра алады, бірақ санкция кедергі келтіріп отыр – Тоқаев