АСТАНА, 26 желтоқсан - Sputnik. Сейсенбі күні Челябі облысында қалааралық автобус рейстері, сондай-ақ Қазақстанға қатынайтын автобустар қатты боран мен қардың салдарынан тоқтатылды, деп хабарлайды өңірдің жол шаруашылығы және көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметінше, қазір өңірде қалың қар жауған, жол көрінбейді, боран, желдің екпіні 16 м/с-қа жетеді, көктайғақ.
"Сағат 14.00-ге дейін (Мәскеу уақытымен 12.00) Бреда, Чесма, Южноуральск, Магнитогорск, Степное, сондай-ақ халықаралық - Қазақстанға қатынайтын халықаралық автобустар боран салдарынан тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 11.00-ден (Мәскеу уақытымен 09.00) бастап Челябі – Троицк – Қазақстан Республикасымен шекара А-310 федералды трассасының 16- 146 шақырымы учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілетінін түсіндіреді. Шектеудің шамамен аяқталу уақыты -15.00 (Мәскеу уақытымен 13.00).
Аймақ басшысы Алексей Текслер хабарлағандай, өңірдің едәуір бөлігінде, Челябі циклонының эпицентрінде және жақын маңдағы аудандарда қар жауады. Орташа алғанда, 20 см жауын-шашын түсті, болжам бойынша қар күні бойы жауады, деп атап өтті Текслер.
Облыстың автожолдарында қардың түсуіне байланысты қозғалысты уақытша шектеу енгізілді, таңертең төрт әуе рейсі кешіктірілді.
Бұған дейін Қазақстандағы тасжолдың 21 учаскесінде боран мен көктайғақтың салдарынан көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелгені хабарланған болатын.
" Жолдарда көктайғақ болып, тұман түсіп, жолдың көрінуі нашарлауына байланысты көліктің барлық түріне шектеу енгізілді", - делінген "Қазавтожол"компаниясының хабарламасында.