АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Көкшетауда өрт гидрантының жарылуы салдарынан адамбойынан биік су бұрқақ пайда болды, деп хабарлады қала әкімдігі.
"Назарбаев көшесінде гидранттан ақау шықты. Қазіргі уақытта ақаудың себебі анықталып, жою жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған қала билігінің хабарламасында.
Құтқарушылар мен коммуналдық қызметшілер екі сағаттан кейін апатты жойды.
Оқиға орнына қала әкімі Бауыржан Ғайса барды.
Биыл қала бойынша 23 өрт гидрант ауыстырылды, келесі жылы 77-сі ауыстырылады, деп толықтырды әкімдік.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.