АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Санкт-Петербург қаласына барды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Санкт-Петербург қаласына барды
© Photo : Официальный сайт президента Казахстана
Қазақстан президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысады.
"Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың басты міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылауды жоспарлап отыр", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Санкт-Петербург қаласына барды
© Photo : Официальный сайт президента Казахстана
Сондай-ақ Қазақстан президенті ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады.