Қазақстан үшін ЕО-ның визалық режимін жеңілдету туралы ресми консультациялар басталады

Вьетнаммен визасыз режим жақын арада тараптар барлық қажетті мемлекетішілік рәсімді аяқтаған соң басталады
Sputnik
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан азаматтары үшін Еуропа одағының визалық режимін жеңілдету мәселелері бойынша ресми консультациялар бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазақстандық азаматтар үшін Еуропалық Одақтың визалық режимін жеңілдету мәселелері бойынша ресми консультациялар бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді", – деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Қазақстан азаматтары үшін еуропалық визалық режимді жеңілдетудің бастапқы кезеңдері мынаны қамтиды:
визалық алымды төмендету;
өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту;
бірнеше визаның қолданылу мерзімін ұлғайту.
Смадияров биыл Қытай және Вьетнаммен азаматтық төлқұжат иелеріне визалық талаптардан босату туралы келісімдерге қол қойылғанын еске салды.
Қытаймен визасыз режим күшіне енді. Ал Вьетнаммен визасыз режим жақын арада тараптар барлық қажетті мемлекетішілік рәсімді аяқтаған соң басталады.
СІМ өкілінің ақпаратынша, 2023 жылы визасыз елдердің тізімі әртүрлі санаттағы төлқұжаттар бойынша 82 мемлекетке дейін кеңейтілді, соның ішінде 29 мемлекет жалпы азаматтық төлқұжаттар үшін.
Паспорттардың әртүрлі санаты бойынша 3 жаңа елмен өзара келісім жасалды: Бангладеш (дипломатиялық және қызметтік паспорттар бойынша), Сейшел Аралдары және Сан-Марино (паспорттардың барлық түрі бойынша).