Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қорытындысы жарияланды

Резервке50 адам қабылданды. Резервте болу мерзімі – 3 жыл
Sputnik
АСТАНА, 25 желтоқсан- Sputnik. Президенттікжастар кадр резервіне іріктеу аяқталды, деп хабарлайды мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі.
Ұлттықкомиссияның шешімімен резервке 50 адам қабылданды.
Жалпыұлттық комиссияның қарауына жіберілген 100 үміткердің қорытынды кезеңнен өтпей қалған 50-іне өңірлік кадрлық резервтерге өту ұсынылады.
"Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған азаматтар саяси лауазымдарға, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, "Б" корпусының басшылық лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Резервте болу мерзімі – 3 жыл", - делінген хабарламада.
Іріктелген кандидаттардың тізімі мына жерде.