ЕАЭО-дағы интеграциялық процестер: 2045 жылға дейін не күтіп тұр

2030 және 2045 жылдарға дейінгі кезеңде Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың келешегі қандай?
Sputnik
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. 26 желтоқсан күні сағат 12.00-де "Sputnik Қазақстан" мультимедиялық баспасөз орталығында ЕАЭО елдері басшыларының Санкт-Петербургтегі кездесуінің қорытындысы бойынша дискуссиялық кездесу өтеді.
2030 және 2045 жылдарға дейінгі кезеңде Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың келешегі қандай? Елдер арасындағы бар және туындайтын кедергілерді жою бойынша жұмыстар қаншалықты тиімді жүргізілуде? ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда туралы қол қойылған келісімнен қандай нәтиже күтілуде? Кездесуге қатысушылар осы және басқа да сұрақтарға жауап береді.
Спикерлер:
- Нұғманова Қарлығаш Жанділдинқызы, "Шығыс – Батыс"" халықаралық геосаяси болжау орталығының президенті;
- Лепсібаев Шыңғыс Көктемсерікұлы, Eurasian Expert Council қоғамдық қорының президенті;
- Нұртазин Әнуар, экономист.
Өтетін орны: Астана қаласа, "Sputnik Қазақстан" мультимедиялық баспасөз орталығы, Қонаев, 10, 31-қабат.
Сарапшылар кездесуі "Sputnik Қазақстан" сайты мен сайттың ВКонтакте желісіндегі парақшасында 26 желтоқсанда, Астана уақытымен сағат 12:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.
Құрметті журналистер, іс-шараға аккредиттеу ю бойынша мына байланыс құралдары арқылы хабарласуға болады: ұялы телефон: + 7 707 854 4162 немесе e-mail: a.manabaev@sputniknews.com