Бақытжан Сағынтаев 2024 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның басшысы болады

Санкт-Петербургте мемлекет басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақтың саммиті өтіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Бақытжан Сағынтаев жаңа жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның жаңа басшысы болады, деп хабарлады РФ президенті Владимир Путин ЕАЭО Жоғарғы кеңесінде.
"2024 жылдың 1 ақпанынан бастап алқа басшысы лауазымына кірісетін Сағынтаев мырзаны құттықтаймын – біз оны өте жақсы білеміз, ол бұған дейін ЕЭК мүшесі болып жұмыс істеді. Сондықтан өзінің жаңа міндетіне жігерлене кірісетініне сенімдімін. Ол сондай-ақ Қазақстан президентінің әкімшілігінде істеді, үкімет төрағасы, Қазақстанның премьер-министрі болды", - деді Ресей президенті.
Өткен жылы Сағынтаев Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі болып тағайындалды. Шешім ЕАЭО саммитінде қабылданды.

Бақытжан Сағынтаев туралы не білеміз

1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген.
Білімі
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. экономика ғылымдарының кандидаты (1990).
Еңбек жолы
1985-1988 жылдары – Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономия кафедрасының оқытушысы;
1988-1992 жылдары – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті;
1992-1993 жылдары – Maруе туристік-коммерциялық компаниясының президенті;
1993-1997 жылдары – "Қазмет" АҚ бас директоры;
1997-1998 жылдары – "ЛУКойлнефтегазстрой-К" ЖАҚ бас маманы, бас директорының орынбасары;
1998-1999 жылдары – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары;
1999-1999 жылдың қазанына дейін – Қазақстан Республикасы шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары;
1999 жылдың желтоқсанынан 2001 жылдың қаңтарына дейін – "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" ЖАҚ басқарма төрағасы;
2001 жылдың қаңтарынан 2002 жылдың тамызына дейін – Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары;
09.2002-29.09.2004 жылдары – Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;
29.09.2004-11.12.2007 жылдары – Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы;
11.12.2007-30.09.2008 жылдары – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы
30.09.2008-20.01.2012 жылдары – Павлодар облысының әкімі;
20.01.2012-09.2012 жылдары – Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрі;
09.2012-01.2013 жылдары – "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары;
16.01.2013-11.2013 жылдары – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының өңірлік даму министрі;
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары (06.11.2013; қайта тағайындалды - 04.04.2014; қайта тағайындалды - 30.04.2015 - 09.09.2016);
09.09.2016-21.02.2019 жылдары – Қазақстан Республикасының премьер-министрі;
01.03.2019-24.03.2019 жылдары – Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы қызметін атқарды.
2019 жылғы наурыздан маусымға дейін – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы.
2019-2022 жылдары – Алматы қаласының әкімі.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2022 жылғы 1 маусымдағы шешімімен Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі болып тағайындалды.
"Құрмет" орденімен (2008 ж.), "Парасат" орденімен (2013 ж.), ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен (2021 ж.) марапатталған.