Өңірлер

Жолаушы ұшақтың апаттық есігін ашқан: тексеріс басталды

Жолаушы полиция қызметкерлеріне тапсырылды
Sputnik
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Әлеуметтік желіде жолаушының ұшақтың апаттық есігін өздігінен ашып жатқаны түсірілген видео тарады. Азаматтық авиация комитеті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"2023 жылғы 23 желтоқсанда Шымкент - Алматы бағыты бойынша FlyArystan әуе компаниясының КС7106 рейсі жергілікті уақытпен сағат 01:19-да қонғаннан кейін жолаушы апаттық есікті ашқан. Борт тексеріліп, ұшуға рұқсат етілді. Жолаушы шара қолдану үшін ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне тапсырылды", - делінген хабарламада.
Мән-жайды анықтау үшін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тиісті тексеріс жүргізеді. Тексеріс есікті өздігінен ашқан жолаушыға да, автотрап беруге жауапты әуежай қызметтеріне де қатысты жүргізіледі.
Алматы маңындағы ұшақ апаты: қылмыстық іс аяқталуға жақын