Салық төлеуден жалтарған Қазақстан азаматы Камеруннан экстрадицияланды

Ол 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Sputnik
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Камеруннан Қазақстан азаматын экстрадициялады.
"Ол 2017-2019 жылдары жалған счет-фактураларды пайдалану жолымен 720 млн теңгеден астам салықты төлеуден жалтарған деген күдіккеілінген", - депхабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Қылмысты жасағаннан кейін күдікті тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.
Осы жылдың маусым айында ол Камерун Республикасының аумағында ұсталғандықтан, Бас прокуратура оны беру туралы сұрау жолдаған. Қазақстан мен Камерун арасында ұстап беру туралы шарттың болмауына қарамастан, камерун тарабы ол сұрауды қанағаттандырды.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынды.
Айта кетері, мұндай қылмыс жасағандарға 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.