Қырғызстан мемлекеттік туын қашан өзгертетіні белгілі болды

Жаңа туды ілген күннің өзінде қазіргі мемлекеттік рәмізге құрметпен қарау талабы күшінде қалады
Sputnik
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Қырғызстанда ту қашан жаңасына ауыстырылатыны туралы президенттің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов айтты. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан хабарлады.
Ол Садыр Жапаров туды өзгерту туралы заңға қол қойғанын еске салды. Заң "Еркін-Тоо" газетінде жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Басылым келесі сейсенбіде жарыққа шығады.
"Министрлер кабинеті өз қаулысымен мемлекеттік тудың техникалық ерекшеліктерін бекітуі керек. Сол қаулының негізінде жаңа ту әзірленіп, ғимараттардағы рәміздер ауыстырылады. Яғни, бұл біраз уақытты алады", – деп түсіндірді Алагөзов.
Ол жаңа туды ілген күннің өзінде қазіргі мемлекеттік рәмізге құрметпен қарау талабы күшінде қалатынын айтты. Алагөзовтің айтуынша, бұл Жапаровтың нақты тапсырмасы.
Тоқаев Жапаровты туған күнімен құттықтады