АСТАНА, 23 желтоқсан - Sputnik. Желтоқсан айының 20 күнінде сұйытылған мұнай газы тиелген 2,1 мыңнан астам цистерна темір жол көлігімен жөнелтілді, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
"2023 жылдың 11 айы мен желтоқсанның 20 күнінде республика бойынша сұйытылған мұнай газын (СМГ) тасымалдау шамамен 1,4 млн тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27% өсті", - деп хабарлады ҚТЖ.
Теміржолшылардың мәліметінше желтоқсанда тәулігіне орта есеппен 105 цистерна тиеліп жатыр. Салыстыру үшін, жыл басында бұл көрсеткіш тәулігіне орта есеппен 80 бірлік деңгейінде болды.
ҚТЖ-да мұнай өнімдерін тасымалдау жөніндегі тәулік бойы жұмыс істейтін штаб құрылды, ол СМГ-ны тиеудің тәулік сайынғы мониторингін орындап, құюға бос цистерналарды беру болжамын жүзеге асырады, сондай-ақ тиелген және бос вагондарды ілгерілету үшін жекелеген диспетчерлер бөлінген.