Жаңбыр, қар және тұман: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Демалыс күндері тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында күн ашық болады
Sputnik
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан аумағына ылғал қоры мол атлантикалық циклон науасы жақындап жатыр, деп хабарлады Қазгидромет.
Ол ең алдымен республиканың батыс облыстарын, 24 желтоқсаннан бастап елдің басым бөлігін қамтып, жауын-шашын және қар, көктайғақ, тұман болуына әкеледі, солтүстік аймақтарда бұрқасын болып, жел күшейеді.
Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз ашық болады деп боланып отыр.
Ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.