Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Венгрия премьері: Еуроодақ Украинаға көмек көрсетуден бес жылға бас тартуы керек

Виктор Орбанның пікірінше Еуроодақ Киевке бес жыл бойы ақша аудармауы керек
Sputnik
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Будапешт Еуроодаққа Украинаға қаржы бөлуден бес жылға бас тартуды ұсынды. Бұл туралы Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан мәлімдеді.
Венгрия министрлер кабинеті басшысының айтуынша, Еуроодақтың 2024-2027 жылдарға арналған бюджетіндегі Украинаға қосымша 50 миллиард еуро бөлуді көздейтін түзетулер қауымдастық елдерінің кезектен тыс саммитінде қайта талқыланады.
Саммит қаңтар айының соңына жоспарланған. Орбанның айтуынша, бірақ бұл ақша қазір жоқ.
"Еурокомиссия бұл ақшаны қарызға алып, сосын бюджет арқылы бөлу керек деп отыр. Венгрияның ұстанымы- бес жыл бойы қаражат бермеу", - деді саясаткер.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ Киевке соңғы қару-жарақ пакетін жылдың соңына дейін жариялайды