Тоқаев Қазақстан мен АҚШ қандай салаларда ынтымақтастық орнатқанын айтты

Екі ел қауіпсіздік, орнықты даму, климат проблемасы, гуманитарлық байланыс саласы бойынша ынтымақтастық орнатқан
Sputnik
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты қатынастарды дамытуға, сондай-ақ жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, екі ел қауіпсіздік, орнықты даму, климат проблемасы, гуманитарлық байланыс және басқа да көптеген сала бойынша ынтымақтастық орнатқан", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы экономикалық ықпалдастықты екіжақты қатынастардың негізгі тірегі ретінде атап өтіп, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, соның ішінде Инвестиция тарту жөніндегі кеңес қызметі аясында нығайту қажет екенін айтты.
Сонымен қатар кездесуде сауда, көлік, логистика, "жасыл" энергетика, экология, тау-кен өндіру өнеркәсібі салаларындағы байланыстарды арттыру мүмкіндіктері талқыланды.
Тоқаев АҚШ-ты Орталық Азия елдеріне қарсы ядролық қару қолданбауға шақырды