АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Қызылорда қаласының тұрғындары енді автобусты өрт сөндірушілер аялдамасында күтеді.
Бұл аялдама – қызылордалық өрт сөндіруші- құтқарушылардың екінші креативті жобасы, деп хабарлайды облыстық ТЖД.
Өрт сөндіргіш құралы бейнеленген аялдама Жеңіс көшесінің бойында орналасқан. Бұған дейін қала аумағындағы М. Саламатов көшесінде өрт сөндіру автокөлігінің кабинасы бейнеленген аялдама пайдалануға берілген еді.
"Қазір аялдама көптің қызығушылығын тудырып қана қоймай, оқушыларға, тіпті автокөлік жүргізушілеріне де өрт қауіпсіздігі қағидаларын насихаттауда. Сонымен бірге бұл аялдамада Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу тәртібі де көрсетілген", - делінген хабарламада.