АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. АҚШ Украинаға соңғы көмек пакетін жылдың соңына дейін жариялауға ниетті, деп мәлімдеді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Біз Украинаға бере алатын соңғы көмек пакеті бар", - деді ол журналистерге.
Дегенмен Жан-Пьер Вашингтонның ақша біткеннен кейін Киевке қару-жарақ беру мүмкіндігін растамады немесе жоққа шығармады. Бірақ ол Украинаға болашақта қолдау көрсету АҚШ Конгресінен президент Джо Байденнің жаңа қолдау туралы сұранысын келісуді талап ететінін айтты.
Республикашылдар әкімшіліктен оңтүстік шекарадағы жағдайды реттеуді талап етіп отыр. Олар осы талаптар орындалса, Байден сұраған Украина, Израиль және басқа да халықаралық мәселелерге көмек пакетін мақұлдауға уәде беріп отыр.
Тараптар әлі келісімге келе алмады. БАҚ-тың хабарлауынша, Ақ үй мен республикашылдар арасындағы келіссөзге байланысты Байден әкімшілігі мен оның Конгресстегі өкілдері саналатын Демократиялық партия мүшелері арасында келіспеушіліктер күшейіп жатыр