Қоғам

Алматыдан Эр-Риядқа тікелей рейстер ашылады

Рейстерді Сауд Арабиясының FlyNas әуе компаниясы орындайды
Sputnik
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан мен Сауд Арабиясы Алматы – Эр-Рияд бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу туралы уағдаласты, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.
Тиісті шешімге Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Сауд Арабиясына сапары аясында қол жеткізілді.
Елдер арасындағы рейстерді Сауд Арабиясының "FlyNas" әуе компаниясы орындайды.
Тікелей әуе қатынасы 2024 жылдың көктем-жаз маусымынан басталады деп жоспарланып отыр. Рейстер аптасына 7 рет орындалады.
Қоғам
Келесі жылы Алматыдан Куала-Лумпурге тікелей рейстер ашылады