Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Венргия премьер-министрі Украинаның Еуроодаққа кіруі үшін қанша қаражат қажет екенін айтты

Оның айтуынша, Украинаны қолдау үшін ақшаны қайдан алатыны әлі белгісіз
Sputnik
АСТАНА, 21 желтоқсан - Sputnik. Украинаның Еуроодаққа кіруі қоғамдастыққа 150-190 миллиард еуро шығын әкеледі, ал ұйымға мүше елдердің өздеріне жеткілікті ақша берілмей қалады, сондықтан Венгрия Еуропалық бюджеттен Киевке қаржы бөлуге қарсы, деп мәлімдеді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан.
"Егер Украинаны Еуроодаққа қабылдаса, Орталық Еуропа елдері, соның ішінде Венгрия да осы уақытқа дейін алған қолдаудың бәрі соларға бағытталған болар еді", - деді Орбан TV2 телеарнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Украинаны қолдау үшін ақшаны қайдан алатыны әлі белгісіз. Өйткені Еуроодақ бюджетінен 50 миллиард еуро бөлінсе, онда ұйымға мүше елдердің өздері, соның ішінде Венгрия да бюджет ақшасын алмайды. Осы себепті Будапешт бұл шешімге келіспейді.
"Украинаның Еуроодаққа кіруі қанша шығынды қажет ететіні туралы нақты талдау жоқ. Бірақ бейресми есептеулер бойынша бұл шамамен 150-190 миллиард еуроны құрайды", - деді Венгрия премьер-министрі.
Еске салсақ, бұған дейін Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан Украинаға көрсетілетін 50 миллиард доллар көлеміндегі көмек тағы бұғатталғанын мәлімдеді.