АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Елімізде 3 жарым млн адам міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылмай отыр, деп жазды Хабар 24.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл санаттағылардың көбі жарнаны тұрақты төлемеген. Қалғаны тіпті ешқашан қаражат салмаған. Сәйкесінше, олар жоспарлы медициналық қызмет түрін ала алмайды. Ал 16 миллион адам әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелген.
11 миллионнан астамы жеңілдіктер санатына кірсе, 5 миллионға жуығы – жалдамалы жұмысшы. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру арқылы қызмет көрсетуге 2 трлн-нан артық теңге бағытталған. Салада енді халықты осы жүйемен толық қамту және жұмысты одан әрі жетілдіру міндеті тұр.