АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. 2024 жылы Ресей Федерациясымен шекарадағы жеті автомобиль өткізу пунктінде электрондық кезек іске қосылады, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті.
15 қаңтардан бастап "Қарашатау" (Ақтөбе обл.) және "Жезкент" (Абай обл.) өткізу пункті;
31 қаңтардан бастап "Убе" (Шығыс Қазақстан обл.) және "Ақсай" (Батыс Қазақстан обл.) өткізу пункті;
15 ақпаннан бастап "Обаған" (Қостанай обл.) және "Найза" (Павлодар обл.) өткізу пункті;
30 сәуірден бастап "Құрманғазы" өткізу пункті (Атырау обл.).
Комитет 1 қарашадан бастап Қазақстан-Ресей шекарасында "Бидайық" автомобиль өткізу пунктінде (Солтүстік Қазақстан облысы) электрондық кезек жүйесі қолданылатынын еске салады. Сервис Qoldau.kz цифрлық платформа базасында және тегін іске асырылады.