Фото

Pantone 2024 жылдың негізгі түсін атады – фото

Pantone консалтинг компаниясы қалыптасқан дәстүр бойынша 2024 жылдың басты түсін таңдады. Бұл жолы бұл атауы да ерекше "шабдалы мамығы" деп аталатын реңк болды. Бұл қандай түс, ол неге ұқсайды және ол нені білдіретіні туралы толығырақ суреттер топтамасынан қараңыздар
Sputnik
1 / 12

Pantone нұсқасы бойынша, келесі жылдың түсі ретінде таңдалған реңк ішкі тыныштықты, қоғамдастық, бірлік пен әлеуметтік байланыстардың терең қажеттілігін білдіреді. Суретте: Модель Индонезияның Джакарта қаласындағы сән апталығында Valeda туындыларын таныстырып жатыр.

2 / 12

"Шабдалы мамығы" түсі адамдарды денсаулықтың, оның ішінде ментальді денсаулықтың маңыздылығына баса назар аудара отырып, адам тәжірибесінен сабақ алуға шақырады, деп түсіндірді компаниядағылар. Суретте: Үндістанның Казиранга ұлттық саябағында піл шаңмен ойнап жатыр.

3 / 12

"Біз қазір көп аспекті бойынша күйзеліс кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Соның салдарынан қамқорлық, жанашырлық пен мейірімділікке деген қажеттілік артып жатыр. Өйткені біз бәріміз бейбіт болашақты қалаймыз", - деді Pantone бас директоры Леатрис Эйземан. Суретте: Модель Париждегі сән апталығында Schiaparelli туындысын таныстырып жатыр, Франция.

4 / 12

Pantone 25 жыл бойы жыл түсін таңдап келеді. Суретте: Aurelia Aurita медузасы Жерорта теңізінде күн сәулесіне қыздырынып жүзіп жүр.

5 / 12

Еске салсақ, 2023 жылдың түсі қанық қызыл (Viva Magenta), ал алдыңғы жылы күлгін-қызыл реңкті қою көк түс (Very Peri) болды. Суретте: Тайваньда жауын-шашынның болмауынан пайда болған тұзды алқап.

6 / 12

Компания атап өткендей, жылдың таңдалған түсі "жалпы көңіл-күйді білдіреді". Суретте: Ларнакадағы Тұзды көлдегі алқызыл қоқиқаздар.

7 / 12

Жалпы, Pantone ғана емес, басқа да әлемдік брендтер жылдың басты түсін таңдаудан ақша табады. Суретте: үйлену тойына арналған торт бетіндегі қалыңдық пен күйеу жігіттің мүсіндері.

8 / 12

Pantone қызметкерлері жылдың түсін таңдау арқылы дизайнерлер алдағы 12 айда жарнамалайтын идея туындауына түрткі болды. Суретте: қыр мұрынды маймыл шабдалы жеп отыр, Оңтүстік Корея.

9 / 12

Дегенмен, сән әлеміндегі кейбір атақты дизайнерлер "шабдалы мамығы" бәріне бірдей жараса бермейтінін айтты. Суретте: фотограф Нью-Йоркте Marchesa Fall 2009 топтамасының тұсаукесері қарсаңында модельдерді суретке түсіріп жатыр.

10 / 12

Сән кутюрьелерінің айтуынша, Peach Fuzz түсіндегі киімде адамды біршама келіге толық етіп көрсетуі мүмкін. Суретте: Модельдер Римдегі L'Imperfetta сән агенттігіне арналған фотосессия кезінде суретке түсіп жатыр.

11 / 12

Бірақ, шабдалы реңкті түстер 2024 жылдың көктем-жазындағы сән көрсетілімдерінде жиі кездессті. Бұл әсіресе Gucci, Jil Sander және Sportmax сияқты италиялық сән брендтері көш бастаған Миланда жиі кездесті. Суретте: Босниялық серб балалары жүннен тоқылған дәстүрлі киіммен жылынуда.

12 / 12

Айтпақшы, биыл Pantone компаниясының "Жыл түсі" бастамасына ширек ғасыр толып отыр. Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1999 жылы жылдың ең алғашқы түсі ретінде аспан түстес көгілдір түс таңдалды. Суретте: "Победа" көлігіне мінген Леонид Ярмольник.