АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Еліміздің бес өңірінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендетілді, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Қостанайда жеткізу тізбегінен делдалды алып тастау есебінен қарақұмық бағасы 25%-ға (340 теңгеден 260 теңгеге дейін) арзандатылды.
Солтүстік Қазақстан облысында дәл осындай алгоритм бойынша супермаркеттер желісіндегі қарақұмық бағасы 40% - ға төмендетілді (3 келі қаптамасы үшін 2374 теңгеден 1450 теңгеге дейін).
ШҚО-да қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаментінің бастамасымен білім беру мекемелерінде алдағы жылға қарақұмық пен қантты сатып алу бағасы қайта қаралды. Орташа алғанда, өнімдердің құны 30% - ға төмендеді (қарақұмық 35% - ға, 625-тен 420 теңгеге; қантқа 20% - ға, 536-дан 435 теңгеге).
Сондай-ақ, Ақмола және Қызылорда облыстарында қант пен ұнға сауда үстемесін бірнеше рет асырғаны үшін екі көтерме жеткізуші жауапқа тартылды. Нәтижесінде бағалар шамамен 15% - ға төмендеді.