Қоғам

Елімізде мигранттарға арналған портал іске қосылды

Порталда "Қандас" мәртебесін беру, "Ата жолы" картасын алу және тағы басқа қызметтерді алуға болады
Sputnik
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда Migration.enbek.kz көші-қон ресурстары порталы іске қосылды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, платформа елге келетін шетелдіктер туралы ақпаратты орталықтандырылған басқару құралдарын біріктіреді, сондай-ақ көші-қон саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Migration порталы – бизнес-процестерді реинжинирингтеу және көші-қон саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын дамыту жолымен құрылған инновациялық платформа.
"Шетел азаматтары туралы ақпаратты орталықтандыру және біріздендіру көші-қон процестерінің әртүрлі кезеңін синхрондауға, деректерді тиімдірек басқаруға, оларды өңдеу мерзімдері мен шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Порталда көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтердің кең спектрі бар. Мысалы, "Қандас" мәртебесін беру, қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, "Ата жолы" картасын беру, пана іздеуші адам куәлігін алу және тағы басқа.
Қоғам
Биыл елімізге 20 мыңға жуық қандас оралған