"Теңізшевройл" миллиардтаған айыппұл арқалады

"Karabatan Utility Solutions" ЖШС және "Теңізшевройл" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Sputnik
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Атырау облысының прокуратурасы кәсіпорындардың экологиялық заңнама талаптарын қаншалықты сақтап отырғанына талдау жүргізді.
​Талдау шеңберінде парниктік газ мөлшерінің асып кетуі, эмиссияны экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсат етілген шығарындылар нормаларының орындалмауы және жердің ластану фактілері анықталды.
​Нәтижесінде "Karabatan Utility Solutions" ЖШС және "Теңізшевройл" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
​Аталған компанияларды сот кінәлі деп таныды, өндіріп алынған айыппұл мөлшері 10,7 млрд теңгені құрады.