АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Статистикаға сәйкес, ет өнімдерінің импорты экспорттан 3 еседен астам көп, деп хабарлады АПК Новости агенттігі .
2023 жылдың 1 қарашасындағы кезеңде Қазақстанға ет және ет өнімдерінің импорты 191 мың тоннаны құрады. 330 миллион доллардан астам сомаға тауар әкелінсе, сонымен бірге 47 мың тоннаға жуық қазақстандық ет пен одан жасалған өнімдер экспортқа шығарылды. Сатудан түскен кіріс импорттан түскен сомадан екі есеге аз – 136 миллион долларды құрады.

Бұл ретте таза ет импортының көлемі 136 мың тоннаны құрады. Оның ішінде негізгі көлемі – 118 мың тоннасы – құс етінің үлесіне тиді. Бұл транзакциялардан түскен жалпы сома 142 миллион долларға бағаланып отыр.
Импорт көлемі бойынша екінші орында 6,6 мың тонна көлемімен шошқа еті тұр (құны 14 миллион доллар).
Үшінші орынды 6 мың тонна мұздатылған ірі қара еті иеленді (құны 23 млн АҚШ доллары).
Одан кейін – 3,3 мың тонна сиыр еті (жалпы сомасы 11 млн АҚШ доллары), жылқы еті 2 мың тонна көлемінде импортталды. 100 мың долларға 31 тонна қозы етін әкелінді.
Ет экспортына келетін болсақ , өткен кезеңде Қазақстаннан жалпы сомасы 132 миллион долларға 44,7 мың тонна жөнелтілді.Негізгі көлемді құс еті құрады (39,4 млн долларға 24,6 мың тонна).
Экспорт көлемі бойынша екінші орында ірі қара еті (13 мың тонна).
27 миллион долларға 6,5 мың тонна қозы еті экспортталды, тоңазытылған ет 180 тонна ғана экспортталып, 1,3 миллион доллар пайда келтірді. Жылқы еті мен шошқа еті мүлде экспортталмаған.