Елдің екі облысында жол жабылды

Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады
Sputnik
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Ауа-райының нашарлауына байланысты екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Қазавтожол.
Жамбыл облысында - 1 учаске:
"Алматы-Ташкент-Термез" а/ж 159-238 км, Кенен уч. с. – Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы) -79 км;
Жетісу облысында - 2 учаске:
"Үшарал-Достық" а/ж 84-184 км, Көктұма ст. -Достық ст. – 100 км.;
"Сарыөзек-Көктал" а/ж 45-68 км, (Алтын Емел асуы).
Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады. Республикалық маңызы бар автожолдарда 674 техника жұмылдырылды.