Бұрқасын, қар, көктайғақ: алдағы күндері ауа райы қандай болады

Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын, екпіні 25 м/с-қа дейін жететін жел соғып, тұман түсуі ықтимал
Sputnik
АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. 21-23 желтоқсан аралығында ауа температурасында күрт өзгеріс болмайды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде, сондай-ақ орталығында түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), түнде солтүстік пен шығыста қатты қар жауады деп болжанып отыр.
23 желтоқсанда атлантикалық циклонның әсерінен Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтілуде.
Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын, екпіні 25 м/с-қа дейін жететін жел соғып, тұман түсуі ықтимал.
Дегенмен, ауа температурасында күрт өзгеріс күтілмейді.