АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Абай облысындағы тас жолда қатты желдің салдарынан ауыр жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
19 желтоқсан Омбы - Майқапшағай трассасының 913 шақырымында болған жол апатының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған еді.
Жүргізушіге полиция қызметкерлері көмекке барған.
Жүк көлігінің жүргізушісі - Ресей Федерациясының азаматы, ол жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермегенін, қатты желдің салдарынан көлік аударылғанын түсіндірді.
Полицейлер көлікті жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізді.