Ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражаты жымқырылды

Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланған
Sputnik
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласының прокуратурасы "Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм" акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.
Экономика
Сатылған жоқ: "Қазақфильмге" ешкім қызықпады