Шымкентте мәдениет үйінің төбесі опырылып, бір адам көз жұмды

16 және 18 жастағы екі студент ғимараттан шығып үлгерген
Sputnik
АСТАНА, 19 желтоқсан - Sputnik. Шымкентте ескі мәдениет үйінің төбесі опырылып, 18 жастағы студентті басып қалды, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Басылым мәліметінше, ескі ғимарат құлаған кезде ол курстастарымен сол жерде болған.
16 және 18 жастағы екі студент ғимараттан шығып үлгерген.
Қайғылы оқиға 18 желтоқсанда кешкі сағат сегіздер шамасында болған. Ескі ғимараттың шатыры опырылып, бірінше қабатқа түскен.
Құтқарушылар студенттің денесін сағат 22.30-да тапты. Оның мәйіті 1,5 метр тереңдіктен табылды.
Мамандар қайғылы оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтайды.
Бұл ғимарат кәсіпкер Тоқтар Төлешовқа тиесілі болған. Ұзақ сот процесінен кейін ғимарат 2023 жылдың 13 қарашасында мемлекет балансына өтті.
Басылым мәліметінше, ғимараттың төбе жабындысының жартысы жоқ болған, сондай-ақ металл құрылғылар кесілген.
Бұл ғимаратты реконструкциялап, жастар сарайына айналдыру жоспарланған еді.