АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Ресей армиясы – әлемдегі әскери дайындығы және жауынгерлік қабілеті ең жоғары әскер. Бұл туралы РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Бүгінгі күні Ресей армиясы жауынгерлік жағдайда сынақтан өткен озық қару-жарақтары бар әлем бойынша әскери дайындығы және жауынгерлік қабілеті ең жоғары әскер", - деді министр.
Оның айтуынша, арнайы операциялар кезіндегі тәжірибе қарулы күштердің кез келген заманауи қарсылас әрекетіне "дұрыс және жедел" жауап беруге қабілетті екенін көрсетті.
Шойгу 650 мыңнан астам әскери қызметші жауынгерлік тәжірибе алғанын айтты.
"Келесі жылға арналған басым міндеттер. Жоғарғы бас қолбасшы қойған міндеттер толық орындалғанға дейін арнайы әскери операцияны жалғастыру керек", — деп атап өтті министр.
Ол сондай-ақ сәтсіз шабуыл кезінде Украина қарулы күштерінің шығыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
"Біздің әскерлердің тактикалық қорғаныс аймағын еңсере алмай, жау тоқтады және орасан зор шығынға ұшырады", - деді Шойгу.
Оның айтуынша, санкцияларға қарамастан, Ресей НАТО-ға мүше елдерге қарағанда, жоғары технологиялық қару-жарақ шығарады
Министр атап өткендей, әскери-теңіз флоты төрт заманауи көп мақсатты сүңгуір қайықтар мен сегіз жер үсті кемесін, аэроғарыш күштері 237 ұшақ пен тікұшақ, 86 зениттік-зымырандық қару-жарақ пен 67 радиолокациялық стансалар, ал құрлықтағы күштер 1530 жаңа және модернизацияланған танк, 2518 жаяу әскердің жауынгерлік көлігі мен бронетранспортерлер алды.
"Қазіргі заманғы ресейлік техника арнайы операцияда қатаң сынақтан өтіп, НАТО елдерінің ұқсас үлгілерінен өзінің артықшылығын көрсетті. FPV-дрондарды, жеке РЭБ құралдарын, жаңа авиациялық зақымдау құралдарын қолдануды үйрету үшін оқу полигондары мен орталықтары құрылды. Әскер топтарында 1700-ден астам ұшқышсыз ұшатын аппараттар экипажы және 1500-ден астам FPV дрон операторлары оқытылды", - деді Шойгу.