АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. НАТО тоқсаныншы жылдары шығысқа қарай кеңеймеуге уәде берді, бірақ ол уәдесін бұзды, деді Владимир Путин Ресей Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.
"1991 жылы олар шығысқа бір адым аттамаймыз деді. Міне, олар біздің қоршауда тұр, жабысып қалды", - деді Путин.
Мұны ол Ресейдің үлкен және мықты болуы Батыстың мүддесіне сай келмейді деп түсіндірді.
"Олар Балтық елдерін алды, Шығыс Еуропаны түгел басып алды. Не үшін? Әртүрлі ұсыныстар болды, барлығына әбден қолайлы. Тек Ресей сияқты ел қажет емес: ол тым үлкен – оны бөлісу керек, Еуропаны бөлшектеп бағындырғаны сияқты, бөлшектеп бағындыру қажет болады", - деді РФ президенті.