АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Биыл 23 желтоқсанда телеарналар мен радио хабар таратуды уақытша тоқтатады.
"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
"Осыған байланысты 23 желтоқсанда сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Хабар тарату саласынағы ұлттық оператор уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрады.