АЛМАТЫ, 19 желтоқсан - Sputnik. Павлодар облысында өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден баланы құтқарды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама 18 желтоқсанда сағат 112 пультіне түскен.
"Ермак көшесіндегі үш қабатты үйдің үшінші қабатында екі бөлмелі пәтер өртенген. Ауданы 10 шаршы метр жерде үй заттары мен жиһаздар отқа оранған. Пәтерде әжесімен бірге қалған 2015 жылы туған бала болды, әжесі дүкенге азық-түлік сатып алуға шығып кеткен. Газ-түтіннен қорғау қызметінің қызметкерлері автосаты орнатып, балкон арқылы баланы құтқарды", - дейді ведомстводағылар.
Баланы апаттық медицина орталығы қызметкерлері тексерген. Ол жеңіл түрде уланғандықтан ауруханаға жатқызылмаған. Өртті 6 бірлік техника мен 21 қызметкер сөндірді.